Басшылық

Кожахметов Н.С.

Қожахметов Николай Серікұлы  
орталық басшысы

1988 жылдың 7 мамырында Павлодар облысы Ақсу қаласында дүниеге келген.

Білімі:

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, «Жаратылыстану» факультеті, «География» (2010 жыл).

Инновациялық Еуразия университеті, Басқару академиясының сырттай оқу факультеті, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» (2013 жыл).

Инновациялық Еуразия университеті, Бизнес, білім беру және құқық академиясының күндізгі оқу факультеті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» (магистратура) – экономика ғылымдарының  магистрі (2015 жыл).

Санаты: «География» пәні бойынша бірінші біліктілік санаты бар мұғалім

 Еңбек өтілі:

2010 жылдан 2012 жылға дейін Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдық-жаппай жұмыс бөлімінің маманы, тәрбие жұмысы және жастар саясаты басқармасының маманы болып жұмыс істеген.

2012 жылдан 2014 жылға дейін – Павлодар экономикалық Қазтұтыну одағы колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

2014 жылдан 2015 жылға дейін – Павлодар облысы білім беру басқармасы тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы.

2015 жылдың қыркүйек айынан бастап – облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының басшысы.

 

 

Букебаева М.К.

Букебаева Меруерт Кұнанбайқызы 

орталық басшысының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог

1986 жылдың 28 мамырында Павлодар облысы Баянауыл ауданының Баянауыл ауылында дүниеге келген.

Білімі:

Инновациялық Еуразия университеті, Басқару академиясы факультеті, «Психология» (2009 жыл).

Санаты: Бірінші біліктілік санаты бар психолог

 Еңбек өтілі:

2009 жылдан 2011 жылға дейін Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектебінде психолог болып жұмыс істеген.

2011 жылдан 2012 жылға дейін – облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының психологі, облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының әлеуметтік педагогі.

2012 жылдың шілде айынан бастап осы уақытқа дейін – облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы басшысының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының психологі.