Материалды-техникалық база

Орталықта ауыр күйзелісті бәсеңдетіп жоятын, тұлғаның үйлесімді дамуына жәрдемдесетін жағдайлар жасалған. Ол үшін факторлардың толық кешені қызмет етеді:

– жылы, үй жағдайларына барынша жақындастырылған тіршілік ортасы;

– қоршаған адамдардың балаға деген сүйіспеншілігін білдіретін және оның жақсы жаққа өзгеретініне сенім ұялататын мейірімділігі;

– оның тұлғасына деген дербестендірілген көңіл бөлу, сонымен қатар қамқорлықпен қарау;

– Орталықта тыныш, сабырлы, мейірімді атмосфераның басым болуы.

Бұның барлығы баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, балаға тынышталып, қысым, қорқыныштан босап, жаңа өмір жағдайларын бағалауға, жүріс-тұрыс бет алысын таңдауға мүмкіндік береді.

1

2

 

 

 

 

 

 

 

Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік оңалуын жүзеге асыру үшін орталықта материалды – техникалық жағдайлар жасалған. Орталық 20 балаға шақталған. Орталықтың техникалық жабдықталуы кәмелетке толмағандарға еркін кіруге және орталықтан тысқары шығуға мүмкіндік береді, тәулік бойы бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Орталықта бейнебақылау жүйесі, өрт дабылдамасы және күзет-дабыл түймесі қондырылған.

Жас және жыныс ерекшеліктері ескерілген 4 жататын бөлме бар. Сабақтан тыс уақыттағы сабақтарға, іс-шараларды өткізуге арналған тәрбиеленушілер бос уақыттарында үстел ойындарын ойнап, музыка тыңдай алатын ойын-сауық бөлмесі қарастырылған.

3

4

 

 

 

 

 

 

 

Теледидар көруге және түрлі сыныптан тыс іс-шараларды өткізуге арналған кинозал бар. Өз бетімен әзірленуге (үй жұмысын әзірлеуге), әдебиет оқуға арналған оқу залы қарастырылған.

5

6

 

 

 

 

 

 

 

 

Медициналық қызмет көрсетуге арналған жағдайлар жасалған. Орталықта медициналық, ем-шара кабинеті, және 2 орынға шақталған оқшаулағыш бар. Аумақ бойынша Орталық Павлодар қаласының №3 емханасына тіркелген. Орталыққа қабылданатын кәмелетке толмағандарға толық медициналық скрининг өткізіледі.  

7

20170526_144724-1-1

 

 

 

 

 

 

Тамақтандыру санитарлы нормалар мен ережелерге сай ұйымдастырылған.  Асхана 20 отырғызу орынға шақталған, тағамхана заманауи технологиялық құрылғылармен жабдықталған, ыдыс-аяқ саны жеткілікті.  

98