Мақсаттар мен міндеттер

Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері

 

Мақсаты – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу, тәрбиеленушілердің тұлғалық, рухани, шығармашылық қасиеттерінің дамуына, олардың қоғамға бейімделуі және әлеуметтенуіне жәрдемдесетін  жағдайлар жасау.

Міндеттері:

1) жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.

2) тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.

3) тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.

4)  тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық  ойлауы мен кәсіби

қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сонымен қатар коэволюция идеяларын қабылдау және оларды күнделікті өмірде басшылыққа алу қабілетін дамыту.

5) әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.

6) Орталықта көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

7)  салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы менпсихологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

8) жеткіншектердің жағымсыз әлеуметтік құбылыстарға қарсы тұруына қажет психологиялық тұрақтылықтарын жоғарылату және олардың қоғамдағы толыққанды тұлғалық және әлеуметтік дәрежелерін қалыптастыру.