Орталық психологиялық қызметінің мақсаты

Орталық психологиялық қызметінің мақсаты – тәрбиеленушілердің психологиялық денсаулығын сақтау, мекемеде жағымды әлеуметтік-психологиялық климат орнату, тәрбие процесінің қатысушыларына психологиялық қолдау көрсету.

Орталық психологі жұмысының жүйесі негізгі 4 бөлімнен тұрады:

       1 Бөлім: Баланы психологиялық-педагогикалық диагностикалау.

Баланы алғаш зерттеу кәмелетке толмағанның орталықта бастапқы болған күндерінен бастап жүзеге асырылады. Баланы зерттеу мақсаты – баланың Орталыққа түскен кезіндегі  психо-эмоционалдық және функционалдық жағдайын диагностикалау.

Осы кезеңдегі жұмыстың негізгі формалары:

  1. Орталыққа орналастырылған кәмелетке толмағанмен әңгімелесу.

Мақсаты – кәмелетке толмағанмен танысу, позитивті, сенімді өзара қарым-қатынас орнату.

Диагностиканың осы кезеңінің негізгі мақсаты – сол уақыттағы кәмелетке толмағанның эмоционалды жағдайын зерттеу, отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау (түскеннен кейінгі екінші, үшінші күн).

Кәмелетке толмағанның терең психологиялық зерттелуі баланың Орталыққа түскенінен бастап 2 жұма үшінде жүзеге асырылады.

Мақсаты: эмоционалды-еріктік сфераны зерттеу, мінез-құлықтық және әрекет қылық ерекшеліктерін, сонымен қатар бала-ата-ана қарым-қатынас ерекшеліктерін диагностикалау. Бұл кезеңде зерттеу нәтижелерінің жалпылануы жүзеге асырылады, тәрбиешілерге ұсыныстар өңделіп, тәрбиеленушінің дара бейімделу бағдарламасы жоспарланады.

2 Бөлім: Кәмелетке толмағанның дара әлеуметтік-психологиялық бейімделу бағдарламасын жоспарлау

Бейімдеу бағдарламаларының психологиялық құрамдас бөлігінің негізгі міндеттері:

– Психикалық дискомфорт жағдайын төмендету, эмоционалды қалыпты тұрақтандыру;

– Психикалық еріктілік пен өзін-өзі реттеуді дамыту;

– Әлеуметтік интеллектті дамыту (коммуникативтік дағдыларды дамыту, құрдастар және ересектермен әлеуметтік қарым-қатынасты реттеу) болып табылады.

       3 Бөлім: Кәмелетке толмағанның дара әлеуметтік-психологиялық бейімделу бағдарламасын іске асыру

Мақсаты: ӘҚЖ тап болған отбасынан келген кәмелетке толмағанның бейімсіздігінің негізінде жатқан, диагностикалық зерттеулердің көмегімен анықталған себептерді жою, сақталған функцияларға негізделіп кәмелетке толмағанды қоғамға бейімдеу. Бейімсізделген кәмелетке толмағанға арналған кейін оны алдағы уақытта орналастыру мақсатымен жағымды тіршілік ортаны құру.

        4 Бөлім: Ата-аналармен, тәрбиешілермен жұмыс

Бұл кезеңдегі іс-әрекет бағыттары:

1.Орталық тәрбиеленушілерімен түзету-дамыту сабақтарын өткізу.

Мақсаты: ӘҚЖ тап болған отбасынан келген кәмелетке толмағанның бейімсіздігінің анықталған себептерін түзету және жою. Баланың қоршаған қоғамдық ортаға бейімделуін қиындататын  факторларды жою, кәмелетке толмағанның қоғамда сәтті қызмет етуін қалпына келтіру.

2.Ата-аналармен және Орталық тәрбиешілерімен кеңес беру-әдістемелік жұмыс  болып табылады.

Мақсаты: Орталық мамандарының ӘҚЖ тап болған отбасынан келген кәмелетке толмағандармен жұмыста психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін жоғарылату. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарының (қамқоршы, заңды өкіл) ата-аналық құзыреттіліктерін ата-аналардың өз балаларымен конструктивтік байланыстарын қалпына келтіру және қолдау мақсатында жоғарылату.

Психологиялық қалпына келтіру бойынша іс-шаралар дара және топтық сабақтар формасында өткізіледі. КТБО кәмелетке толмағандарды ұстау мерзімдерін және оқушылар контингентінің орташа толығуын ескере отырып орталық психологі КТБО жағдайында жеткіншектердің эмоционалды тұрақтылықтарының деңгейін жоғарылатуға арналған тренингтік сабақтар авторлық бағдарламасын өңдеген және жұмысында қолданады (Кудышева А.А., ПМУ 2014 ж., Байсеитова Ж.Б., ПМПИ 2015 ж. рецензиялары). Сонымен қатар КТБО жағдайында жеткіншектердің эмоционалды тұрақтылықтарының деңгейін жоғарылатуға арналған тренингтік сабақтар бағдарламасына арналған дидактикалық материал өңделген (Аденова Б.О., БТДИО, 2015 ж. рецензиясы).