Оқиғалар хроникасы

1

Орталық Павлодар облысы әкімдігінің 2011 жылғы 16 ақпандағы «Облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» № 4/1 қаулысымен Уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығының (УОБОО) орнына құрылды. Мекеменің мемлекеттік басқаруын жүзеге асыратын орган болып облыс білім беру басқармасы белгіленді.

Орталық мақсаты қараусыз, және панасыз, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, арнайы білім беру ұйымдарына жіберілген кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ қатыгездік салдарынан әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға әкеліп соғатын өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың қабылдануын, уақытша ұсталуын, бейімделуін және одан әрі орналасуын қамтамасыз ету болып табылады.

Облыс әкімдігінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №324/10 қаулысымен мекеме Павлодар облысы балалардың құқықтарын қорғау  департаментінің қарамағына берілді. Мекеме функциялары өзгеріссіз қалды.

2014 жылы облыс әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы №28/2 қаулысымен мекеме Павлодар облысы білім беру басқармасының қарамағына берілді.

Мекеме Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы «Павлодар облысы білім беру саласының мемлекеттік мекемелерін қайта атау  туралы» № 65/2 қаулысына сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеме болып кайта аталды.

2011 жылдың наурызынан бастап 2015 жылдың шілдесіне дейін орталықты директор Мұхамеджанов Жанболат Альмуханович басқарды.

2011 жылдың сәуір айында орталықта республикалық семинар өткізілді, Павлодар облысы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының салтанатты ашылуы жүргізілді. Семинар жұмысына ҚР БжҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Раиса Петровна Шер қатысты.

2012 жылғы 18 ақпанда орталыққа  ЮНИСЕФ балалар қорының өкілдері келіп кетті. Орталық директоры Жанболат Альмуханович Мұхамеджанов қонақтарды мекеме жұмысымен таныстырды.

2012 жылғы 27 қыркүйекте кәмелетке толмағандар арасында қараусыздық пен панасыздықтың алдын алу сұрақтары бойынша білім беру мамандары, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары, ішкі істер органдарының, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот  өкілдері, Павлодар облыстық тәуелді аурулардың алдын алу және  емдеу орталығының наркологы, ҰЕҰ өкілдері қатысуымен  «Заң және тәртіп» атты дөңгелек үстел өткізілді.

2

2015 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін орталықты Қожахметов Николай Серікұлы басқарып келеді.

2015 жылдың желтоқсан айында орталық тәрбиеленушілері адам құқықтары Күнінің 65 жылдығына арналып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және Орталық Азиядағы PRI Халықаралық түрме реформасымен бірлесіп ұйымдастырылған республикалық суреттер байқауына қатысты. Байқау қорытындылары бойынша орталық тәрбиеленушілері Антонов Иван «Самая оригинальная идея» номинациясы бойынша «Зимний город» жұмысы үшін  I орынды иеленді. Антонов  Денис «Самое лучшее граффити» номинациясы бойынша «Волшебница зима» жұмысы үшін жеңімпаз атанды. Кутургин Андрейдің  «Лучший зимний пейзаж» номинациясы бойынша «В горах» жұмысы үздік болып танылды.

3

2016 жылғы 27 қаңтарда қала және аудан білім бөлімдерінің бала құқықтарын қорғау мамандарына арналған «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен балалар құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша өзара әрекеттесуінің қағидалары» атты облыстық семинар өткізілді.

4

2016 жылғы 27 желтоқсанда орталыққа облыс әкімі  Бакауов Булат келіп кетті, ол өз басымен балаларды келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. Өңір басшысы тәрбиеленушілерге денсаулық, бақыт және барлық ардақты тілектердің орындалуын тіледі. Жылы тілектерден соң тәрбиеленушілер жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды.