Спорттық өмір

Салауатты өмір салты – бұл адамгершілік қағидаларға негізделген саналы түрде ұйымдастырылған, белсенді, еңбекшіл, жаттықтыратын, сонымен қатар қоғамдық ортаның жағымсыз әсерінен қорғайтын, адамгершілік, психикалық және физикалық денсаулықты сақтауға мүмкіндік беретін өмір салты. Әрбір адам өз денсаулығын күшейту және қолдау, еңбекқабілеттілігін, физикалық белсенділігін сақтау үшін үлкен мүмкіндіктерге ие.

1514

 

 

 

 

 

 

 

«ОКТБО» ММ тәрбиеленушілері арасында салауатты өмір салтын насихаттайтын іс- шараларды ұйымдастыру және өткізу жағымсыз және бейәлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу құралдарының бірі болып табылады. Күн сайын таза ауада спорт және қозғалмалы ойындар, «Жоғарырақ. Күштірек. Жылдамырақ», «Ең мықты тәрбиеленуші», «Дені сау болу – күшті!» және басқа да іс-шаралар өткізіледі.

17

16

 

 

 

 

 

 

 

«Астана» спорт-сауықтыру кешені және «Баянтау» спорт сарайына саяхаттар ұйымдастырылады. Оған қоса, СӨС насихаттау бойынша іс-шаралар түрлі құрылымдар, қоғамдық қорлар мамандарының қатысуымен  өткізіледі. Орталық және ТААЕПОО жеткіншектерге оңалтушы көмек көрсету бойынша ортақ жұмыс жоспары шеңберінде Орталық тәрбиеленушілерімен алдын-алу әңгімелері өткізіледі.


18
p70525-181916