Қосымша білім беру

Оқудан тыс уақытты балалардың бірі спортқа, енді бірі шығармашылыққа арнайды. Орталықта тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту және бос уақыттарын қамту мақсатында «Мастерская чудес», «Игра на гитаре», «Радуга» үйірмелері және «Спортландия» спорт секциясының жұмысы ұйымдастырылған.

Программа кружка «Мастерская чудес» үйірме бағдарламасының өзектілігі заттың, сөздің, көркем сурет негізінің көркем бейнесін, халық көркем мәдениеті мен жалпыадамзаттық құндылықтардың арасындағы байланысты кең және жан-жақты ашатынында. Өздерінің көркем-шығармашылық белсенділігі процесінде тәрбиеленушілердің шығармашылық тәжірибелерінің дамуы да бірге жүзеге асырылады. Бағдарлама баланы шығармашылықтың ғажап әлеміне ендіреді, өзіне, өз қабілеттеріне сенуге мүмкіндік береді, тәрбиеленушілерде бейнелеу, көркем-құрастырушылық қабілеттерінің, ерекше ойлау, шығармашылық дербестіктің дамуына жағдай жасайды. Бағдарламаға келесі бөлімдер кіреді: қағазбен жұмыс жасау, қажет емес заттар аралы, сомдау, матамен жұмыс, терімен жұмыс, бамбук майлықтарымен жұмыс, көрмелер.

10

11

 

 

 

 

 

 

 

«Радуга» үйірме бағдарламасының мақсаты бейнелеу шығармашылығы арқылы  өнерге баулу, эстетикалық ілтипатшылдықты дамыту, шығармашыл және жасампаз тұлғаны қалыптастыру, әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі белгілеу. Тәрбиеленушілердің көркем еңбектерінің нәтижелері іс-шараларды өткізетін залдарды безендіруде қолданыс табады, сонымен қатар  олар туыстарға, достарға, соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған сыйлықтар ретінде пайдаланылады.

12

img-20160106-wa0002-1

 

 

 

 

 

 

«Игра на гитаре» үйірме бағдарламасы музыкалық туындылардың гитарада алуан түрлі орындалуының негіздерін үйретуге бағытталған. Бұл бағдарлама тәрбиеленушілердің физикалық және зияткерлік дамуының үйлесімділігін қамтамасыз етеді, шығармашыл қабілеттері, кәсіби дағдылары және адамзаттық қасиеттері дамыған толыққанды тұлғаның дамуына жағдай жасайды. Бағдарлама мақсаты – қайырымдылыққа, сұлулыққа бағдарланған шығармашыл дамыған тұлғаны тәрбиелеуге жағдай жасау.

«Спортландия» спорт секциясы шеңберіндегі іс-әрекет тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігінің және физикалық жаттығулармен шұғылдануға деген қызығушылықтарының тәрбиеленуін, жаттығу кезіндегі қарым-қатынас мәдениетінің, денсаулықтарының шынығуын, үйлесімді физикалық дамуына және жан-жақты физикалық дайындығына жәрдемдесу, негізгі физикалық қасиеттерін, өмірлік маңызды қозғалмалы білік пен дағдыларды дамытуды білдіреді.

%d1%80%d0%b8%d1%81%d1%83%d0%bd%d0%be%d0%ba213