Әдеби кеш
Әдеби кеш
2017 жылдың 6 ақпанында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты он күндік шеңберінде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тәрбиеленушілерді ұлы қазақ ақыны, композитор, ойшыл Абай Құнанбаевтың биографиясы және шығармашылығымен таныстырған «Құлақтан кіріп бойды алар» атты әдеби кеш өткізілді. Әдеби кеш ұйымдастырушысы орталық тәрбиешісі Нұрбаев Ербол Жакенұлы.
Іс-шараға Павлодар қаласы № 23 орта мектебінің жоғары санатты қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Нұрмагамбетова Ғалия Маратқызы қатысты. Ғалия Маратқызы Абай Кұнанбаев еңбектерінің мән-мағынасы туралы толық айтып берді.
«Абай поэзиясы – жүрек пен ақылға күшті әсер ететін шындық, ақынның прозасы – бұрынғы замандасы сияқты бүгінгі оқырмандардың да ойлануына айтарлықтай себеп. Абайдың барлық туындыларының көркемдігі жоғары және біздің заманымызға таңданарлықтай сай келеді. Ол көтерген мәселелер күрделі және көкейкесті болып қала беруде, және ол тек бізге сұрақ қойып қана қоймай, жауаптар табуға да көмектеседі.
Абай Құнанбаев шығармашылығы арқылы барлық әлем Қазақстан жайында біледі. Оның сөзі әсерлі және алуан жүзді, мәнерлі, мағыналы, даналы, лирикалы және эмоциялы, оның туындылары әлемнің қай бұрышында болмасын Абайдың кітабын ашқан адамның жан дүниесінде жауап тудырады» – деп атап өтті Ғалия Маратқызы.
Іс-шара орталық тәрбиеленушілеріне ұмытылмас әсер қалдырды.