Байланыс zooбағы
Байланыс zooбағы
2019 жылғы 22 қаңтарда «Қамқорлық» республикалық акциясы шеңберінде орталық тәрбиеленушілері тәрбиеші М. Темірбаев басшылығымен «Байланыс zooбағына» барды.
«Байланыс зообағында бізді ақ жарқын экскурсия жетекшісі қарсы алып жануарларға апарды. Біздің экскурсиямыз басталып кетті. Алдымен біз құстарды көруге бардық. Бұл жерде олар өте көп болды: үлкен және кішкентай, көгершіндер, тотықұстар және басқалар. Әсіресе бізге дала қыраны ұнады. Бұл үлкен қанаттары және қысқа құйрығы бар үлкен жыртқыш құс, ол тор ішінде маңғазданып жүрді. Құстардан кейін қаумал мен жанаттар болды. Экскурсия жетекшісі олар туралы қызықты оқиғалар айтып берді. Жанаттар күлкілі және ұшқалақ болды. Бізге оларды қолдан тамақтандыруға рұқсат берілді. Олар жемістер мен көкөністер жеді. Кейін біз бауырмен жорғалаушыларды көруге бардық. Олар жеке террариумда болды. Түрлі жыландар шыны аквариумда болды. Тасбақалар шам астындағы құмда қыздырынып жүрді. Сондай-ақ онда көк, қызыл, түрлі-түсті балықтар болды», – деп есіне алады тәрбиеленуші Гуденко Лилия.
«Біз байланыс зообағында әлі көп жүрдік, басқа да түрлі жануарларды көрдік. Байланыс зообағының шыға берісінде жануарлармен суретке түстік. Екі жолақ мангуст аса танымал болды, олармен барлығы суретке түскісі келді. Саша мен Никита айдаһар жыланды таңдады, олар оны бірден ұнатты. Айдаһар жылан дақтарға толы сұр түсті және сондай суық болды», – деп әсерлерімен бөлісті тәрбиеленуші Бехтольд Лидия.
Байланыс зообағына саяхат орталық тәрбиеленушілерінің көңілінен шықты.