Г.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайына саяхат
Г.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайына саяхат
2019 жылғы 24 қаңтарда орталық тәрбиеленушілерінің Г.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайына саяхатқа баруы ұйымдастырылды.
Алдымен балалар тарихтан бұрынғы кезең залында болып, кейін тас, қола және темір дәуірлерінің жәдігерлерімен танысты. Келесі кезекте революция алды уақыты, Ұлы Отан соғысы кезеңі, «Тың» кезеңі және заманауи кезеңдер болды. Әсіресе балаларға осы уақытқа дейін белгісіз жануарлардың жәдігерлері және тірі сияқты жасалған адам мумиялары ұнады.
Саяхаттан кейін балалар әлі ұзақ уақыт көргендерін талқылап, бір- бірімен әсерлерімен бөлісті.